Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасы (http://www.kaznu.kz/kz/10844/page/) «Дінтану», «Мәдениеттану» және «Исламтану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындаушы бірегей орталық болып табылады. Ресейдің және Болгарияның жетекші университеттерімен бірге қос дипломды білім беру бағдарламасын, тағы басқа шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен бірге білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Үш тілде білім береді. Кафедра бағдарламалары студенттің шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған, ақпаратты жаңа сапалы деңгейде алуға, жүйелік байланыстарды түсінуге көмектеседі. Кафедрадағы белгілі ғалымдар, педагогтар (http://pps.kaznu.kz/2/Main/Chair/110, http://www.kaznu.kz/kz/19123/page/) таңдаған мамандықтарыңызды жете меңгеруге, университет қауымдастығына тиесілі екендіктеріңізге сенуге көмектеседі. Кәсіби және өмірлік мәселелердің өзіндік шешу стимулдарын, интеллектуалды, мәдени, адамгершілік және физикалық дамудағы тұлғалық қасиеттерге қанағаттануды сезіне отырып; өзіңіздің талантыңызды ашуға; әлеуметтік өзгерістерге бейімделу дағдыларын үйреніп, мінез-құлықтың позитивті үлгілерін қалыптастыруға бағытталып отыр.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы 2014 жылы «Исламтану» жаңа мамандығына лицензия алып, алғашқы кезде докторантура, магистратура деңгейінде мамандар дайындап келеді, биылғы жылдан бастап бакалавриатқа студенттер қабылдайды.
Исламтану – ислам дінінің тарихын, қағидаларын, мұсылман халықтарының мәдениетін, құқығын, экономикасын зерттейтін дінтанулық пән. Дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, қарым-қатынас әдебі, моральдық нормалар жиынтығы, жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы рухани қағидалар жүйесі. Сондықтан, дін мәселесі – руханият мәселесі.
Исламтанудың негізгі міндеті – ислам діні, оның рухани құндылықтары, ізбасарларының бағдарлары туралы халыққа объективті ақпарат ұсынуды үйрету.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018-2019 оқу жылына арналған күндізгі оқу нысанындағы мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 5В021500 «Исламтану» мамандығы бойынша 250 грант бөлінді:
Мамандықтың коды |
Мамандықтың атауы |
Жиыны |
Толық оқу |
Қысқартылған оқу |
||||||||
барлығы |
қазақ |
орыс |
ағылш. |
барлығы |
қазақ |
орыс |
||||||
Гуманитарлық ғылымдар |
||||||||||||
5В020400 |
Мәдениеттану |
18 |
18 |
14 |
4 |
|
|
|
|
|||
5В020600 |
Дінтану |
100 |
100 |
75 |
25 |
|
|
|
|
|||
5В021500 |
Исламтану |
250 |
250 |
188 |
62 |
|
|
|
|
|||
Барлығы |
368 |
368 |
277 |
91 |
|
|
|
|
||||
Төмендегі кестеден «Исламтану» мамандығына бөлінетін гранттар санының жыл сайын арта түскенін көруге болады:
Оқу жылы |
Мамандықтың атауы |
Мамандық шифры |
Толық оқу |
Қысқартылған оқу |
||||||||
барлығы |
қазақ |
орыс |
ағылш. |
барлығы |
қазақ |
орыс |
||||||
Гуманитарлық ғылымдар |
||||||||||||
2012 |
Исламтану |
5В021500 |
100 |
100 |
0 |
|
|
0 |
0 |
|||
2013 |
150 |
120 |
0 |
|
|
30 |
0 |
|||||
2014 |
150 |
120 |
0 |
|
30 |
0 |
||||||
2015 |
150 |
85 |
25 |
|
|
40 |
0 |
|||||
2016 |
190 |
109 |
36 |
|
|
34 |
11 |
|||||
2017 |
190 |
109 |
36 |
|
|
34 |
11 |
|||||
2018 |
250 |
188 |
62 |
|
|
0 |
0 |
|||||
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрсетілген мамандықтар бойынша 20 маусымнан бастап 7 шілдеге дейін шығармашылық емтиханға құжаттар қабылдау жүргізіледі.
Білім беру артықшылықтары:
• Дінді зерттеуге қажетті әдістер мен зерттеудің пәнаралық стратегияларының артықшылықтарын пайдалана алатын, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізе алатын және исламтану саласында өзіндік ғылыми ой-пікірі қалыптасқан жоғары білікті мамандарды даярлау;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы дінді зерттейтін бірегей оқытушылық ұжымы бар ірі орталықтардың бірі;
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жасап шығарған білім беру бағдарламалары мен компетентілікке-бағдарланған оқу жоспарлары;
• Академиялық мобильділік бағдарламаларына қатысу және академиялық карьерасын әлемнің озық унивеситеттерінде жалғастыру мүмкіндігі;
• Түлектер өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелік білімдерін оқу және зерттеу мақсатында қолданады, сонымен қатар заманауи компьютер технологияларын пайдалана отырып қоғамдық өмірдің басқа салаларында қолдана біледі;
• Күрделі немесе бейтаныс жағдайларда жаңа идеяларды ойлап таба білу мүмкіндігі; ғылыми-зерттеу ортада қайталанбас, ерекше болу, тәуелсіз, еркін болу және сыни ойлай білу, сонымен бірге зерттеудің мәнін түсіне алу мүмкіндігі;
• Үздіксіз білім беру жүйесінде дағдылар мен қабілеттерді арттыру, жаңа білімдерге қол жеткізу, кәсіби білімді (исламды) жаңарту, кәсіби және жеке тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті болу;
• Зерттеулерді басқару дағдысын қалыптастыру: ғылыми-зерттеу мақсаттарын жүзеге асыру барысында жобаларды тиімді басқару; қызметтің ағымдағы мен басым бағыттарын үйлестіре білу; ақпаратты жүйелеу, салыстыру; қажетті ақпарат көздерін анықтау және бағалау; ақпаратты технологияларды сауатты пайдалану;
• Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мен жоғарғы білікті ғылыми кадрларды дайындаумен айналысатын бағдарламаларды әлеуметтк үдерістерді модельдеу мен талдау бойынша дінтанулық сараптама ғылыми орталығын қолдау;
• 300 мыңнан астам кітаптары, оның ішінде 100 мыңы сирек кездесетін қолжазбалар қоры бар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасына және Шпрингер халықаралық кітапханасының қорына қол жетімділік.
Халықаралық байланыстар: докторанттар төмендегі тізімде көрсетілген серіктес жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдама өту мүмкіндігі бар:
• Мармара (Туркия)
• Кастамону (Туркия)
• Мимар Синан Еуразиялық мәдениет және өнер (Туркия) ,
• Манчестер Университеті (Англия)
• Оклахома штаты Университеті (АҚШ)
• Христиандық пен исламды зерттеу орталығы (АҚШ)
• Славяндық Еуропалық университеті
• Исламдық мәдениет орталығы (Қытай)
• Гуманитарлы және әлеуметтік ғылымдар институты (Корея)
• Уппсала Университеті (Швеция)
• Цюрих Университеті, Швейцария,
• Комплутенсе Мадрид университеті, Испания
Бітіруші түлектерге Мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Тәжірибеден өту орындары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі: Алматы қаласының жастар саясаты бойынша Басқармасы, Алматы қаласының дін істері бойынша Департаменті, ҚР БҒМ ҒК, Философия, саясаттану және дінтану институты: Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстанның орта және жоғарғы білім беру мекемелері, Әкімшілік ("акимат"), Қарулы құрылымдар (ҰҚК, ІІМ) БАҚ, ғылыми-зерттеу, мұражай орталықтары, діни ұйымдар (ҚМДБ, мешіттер және т.б.). ІІМ, ҰҚК және прокуратура органдарында дін істері бойынша маман, мемлекеттік-құқықтық сұрақтар, дінаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша консультант, мемлекеттік, конфессионалдыы және қоғамдық ұйымдар, жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқытушы.
Исламтанушы мамандар кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алатын болады:
• эксперименталды-зерттеушілік;
• педагогикалық;
• сараптық-кеңес беру;
• ұйымдастыру-басқару.
• жобалық-аналитикалық.
Бейіндік пәндер:
• Қазіргі әлемдік діндер;
• Ислами діни ілімнің негізгі қайнар көздері;
• Сунниттік діни ілім және мұсылмандық теологиялық-философиялық ой эволюциясы;
• Ханафилік мазхаб исламның діни дәстүріндегі сұхбат жолы ретінде.
(http://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/doctorate/speciality/1078).
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және оның Дінтану және мәдениеттану кафедрасы жайлы ақпарат қызықтырса, осы сілтемені көріңіз http://www.kaznu.kz/ru/10844/page/.
Құрманалиева А.Д.ф.ғ.д. профессорәл-Фараби атындағы ҚазҰУ,философия және саясаттану факультеті,дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісіИсраилова А.Н.әл-Фараби атындағы ҚазҰУсаясаттану және философия факультеті,дінтану және мәдениеттану кафедрасы“Исламтану” мамандығының1 курс магистранты